ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖАЛҒАСУДА

677

0

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жүйесін модернизациялауға байланысты «Қамқор» корпорациясы Қызылорда локомотив депосы филиалының «Қамқор Локомотив» ЖШС-ында жұмысшылардың қысқаруы орын алған еді. 
Осыған байланысты облыс әкімдігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығымен және кәсіпорынның өзімен бірлесіп жұмысшыларды еңбекке орналастырудың жедел шараларын қолға алды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан Қызылорда облысының аудандары мен республиканың басқа өңірлерінен 200-ден астам бос жұмыс орындар ұсынылды. 
Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы 11-13 қыркүйек күндері облыс әкімдігінде облыстың 28 ірі жұмыс берушілерімен келіссөздер жүргізілді, олардың ішінде құрылыс, жол, коммуналдық және мұнай қызмет көрсету компаниялары бар. 
Облыс кәсіпорындары бойынша, оның ішінде «Қыран», «Бестсервис», «ТрансАзияКонстракшн», «Еңбек биржасы компаниясы» ЖШС, «Қор» мұнай компаниясы АҚ, «Энергия» БК, «Су жүйесі» МКК, «КТЭЦ», «Евраскон» ЖШС, «Интегрострой», «КРЭК» кәсіпорындары бойынша 175 бос жүмыс орынға сұраныс түсіп, олар депо жұмысшыларына ұсынылды. 
Әңгімелесу қорытындысы бойынша 97 адам қазірдің өзінде аталған компанияларға жолдама алды. Сонымен бірге 47 адам теміржол мекемелеріне орналастырылатын болады, атап айтқанда, олар «ТЧЭ-34 Қызылорда», «Жол жөндеуші» ЖШС, «ЛРД Астана», «ЛРЗ Қазалы», «РемПВ» ЖШС. 
Бірқатар мамандықтар бойынша жұмысшылардың тіпті бірнеше облыстық кәсіпорындарды қатар таңдау мүмкіндігі пайда болды. Депо жұмысшыларын еңбекке орналастыру жұмыстары жалғасуда.
Еңбек саласын бақылау жөніндегі облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<