Жоба

11

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНА ҚАТЫСАТЫН АЗАМАТТАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІН, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРҒА АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

«Құқық бұзушылық профилактика­сы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қаты­сатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын ба­қылау Қызылорда облысы әкімінің же­тек­шілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі           Н. Нәлібаев

Қызылорда облысы әкімдігінің

2026 жылғы «___» ____________

№ _____ қаулысына

қосымша

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰҚЫҚ­БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНА ҚАТЫСАТЫН АЗАМАТТАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ТҮРЛЕРІ, СОНДАЙ-АҚ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

1. Алғыс жариялау.

2. Грамотамен наградтау.

3. Ақшалай сыйақы төлеу.

Ақшалай сыйақы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төленеді.

4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.

5. Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтер­мелеу туралы ұсынымдарды жолдау.

6. Құқықбұзушылық профилак­тикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу.

Жергілікті атқарушы органдар құқықбұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.