«Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» заңына сәйкес облыстық мәслихаттар іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар тізбесін бекітеді. Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне сәйкес аймақта жүзеге асырылатын 41 мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы енгізілген.
Ал осы шілде айының 17 жұлдызында өткен облыстық мәслихаттың 34-ші сессиясында жоғарыдағы тізбеге қосымша 9 жоба енгізілді.
Оның біріншісі Қызылорда қалысындағы СПМК-70 ауданындағы мөлтек аудандағы 320 орынға арналған балабақша құрылысы. Екіншісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Арнайы медициналық жабдықтау базасының жылу жүйесін жаңғыру және сервистік қызмет көрсету. Жобалардың басым бөлігі денсаулық сақтау саласына қатысты болып отыр. Атап айтқанда, Шиелі, Жаңақорған, Қазалы аудандарындағы орталық ауруханалардың және басқа да бірқатар медициналық мекемелердің жылу жүйесі жаңғыртылады. Сондай-ақ, білім беру саласына қарасты Арал қаласындағы №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының және Шиелі кентіндегі Балаларды оңалту орталығының жылу жүйесі жаңғыртылады. Мұнан бөлек, Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде 150 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы жобасы бар.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<