Жоғалған бала табылды

1165

0

Қызылорда облысы ПДның Жалағаш ауданы полиция бөліміне Қаракеткен ауылының тұрғынан 17 жастағы інісі мал шаруашылығынан үйіне оралмағаны жөнінде хабарлама түсті.

Құқық қорғаушылар мен еріктілердің, тө­теншеліктердің табанды еңбегі нәтижесінде жоғалған бала бір тәулік ішінде отбасымен қауышты.

«Жоғалған баланы іздеу үшін Жалағаш ауданы  полиция бөлімінің қызметкерлері жұ­мыл­дырылды. Полиция қызметкерлері барлық учаскелерге бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен  қа­раусыз қалған ғимараттарды тексерді. По­лицейлер, волонтерлар және төтенше жағдай департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүр­гізілген іздестіру жұмыстары барысында жо­ғалған бала тәулік ішінде азанда сағат 8-де табылып, аман-есен үйіне оралды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<