Жол апаты: бес жолаушы ем алып жатыр

1092

0

Кеше, 13 қаңтар күні Қызылорда-Құмкөл автожолында жол апаты болғанын жаздық. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.

Апат автожолдың 69-шы шақырымында «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктерінің соқтығысы салдарынан тіркелді. Екі көлік жүргізушісі, бір жолаушы оқиға орнында, екеуі медициналық мекемеде қайтыс болды. Қалған бес жолаушы ауруханада ем алуда.

– Төтенше жағдай департаментіне хабарлама түсе сала оқиға орнына бардық. Қыстырылып қалған адамдарды шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырдық. 6 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

СБ ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<