Фото: ашық дереккөз
Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды.
Оқиға 19 ақпанда «Самара-Шымкент» тас жолының 1767-1768 шақырымында, Сырдария ауданына қарасты Шаған және Н. Ілиясов ауылдарының аралағында болған. «Mercedes» және «Opel» автокөліктері соқтығысып, төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада. Толық деректер анықталып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, қайтыс болған азаматтар – Қызылорда облысының тұрғындары. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<