Жол-көлік оқиғалары азайды

443

0

Аймақта жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін 439 жол белгісі, 14 көшенің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар жылдамдықты шектен тыс асырғандарды автоматты түрде анықтайтын «Ekin Patrol G2» зияткерлік құрылғысы қолданысқа енгізілгелі бір ай көлемінде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер 78 пайызға төмендеді.

Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев айтты.

– Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелеріне бейжай қарауынан. Біздің қызметкерлер күнделікті жол қозғалысын бақылауда ұстайды. Мектептер жанындағы жаяу жүргіншілер жолында патрульдік және ювеналды полиция инспекторлары қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Автоматтандырылған құрылғылар қолданысқа енгізілген кейінгі бір айда оқыс оқиғалар азайды. Атап айтқанда, облыста қайтыс болғандар 61 пайызға, оның ішінде республикалық жолда опат болғандар 50 пайызға кеміді. Ал жылдамдықты асыру себебінен зардап шеккендер саны 78 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, биыл масаң күйде көлік тізгіндегендер тіркелген жоқ, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<