Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жол қозғалысының шектелуіне байланысты шұғыл мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына шектеу қойылуына байланысты мәселелер талқыланды. Бүгінгі таңда жол бойында қалған жолаушылар Қармақшы ауданының аумағындағы күре жолдың бойында орналасқан «ОАЗИС», «Ақсарай» және «РАЙ» кешендеріне тұрақтауда. Сондай-ақ, аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі мен жол полициясы қызметкерлері тарапынан жолаушыларға жолдың жабық екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы жолаушыларға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<