Жол құрылысы мерзімінде аяқталуы тиіс

559

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Жанқожа батыр мен Әйтеке би көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары және Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 4 жолақты жолды кеңейту жұмыстары жасалуда.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жол құрылыстарымен айналысып жатқан мердігерлермен кездесіп, жұмыс қарқыны мен жол сапасын бақылады, сондай-ақ жауаптыларға жол құрылысы жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырып, бұл жұмыстар күнделікті бақылауында болатынын жеткізді.

Жанқожа батыр көшесінің жол жиегін бекіту, бордюлерді салу, аялдамаларды орнату, Жанқожа көшесінің Қ.Пірімов пен Т.Бөріқұлақов көшелерімен қиылыстарына жол айрықтарын салу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселді. Ал, Әйтеке би көшесін асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Орталық көшелерді қайта жаңғырту жұмыстарымен «Строй Модуль Астана» ЖШС мекемесі айналысуда.

Сонымен қатар биыл аймақ басшысының қолдауымен Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 7 шақырым автомобиль жолын кеңейту жұмыстары да қайта басталған болатын.

Қазір мердігер мекеме «Нұрлы-Тау» ЖШС 4 жолақты жол құрылысын қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<