Жол құрылысы қарқынды жүргізілуде

382

0

Биыл Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде 14 көше асфальтталып жатыр. Соның бірі – 5-ші аймақтағы Қ.Сансызбаев көшесі.

Қазіргі күні аталған көшеде қарқынды жұмыс жүруде. Мердігер мекеме – “Нұрас и К” ЖШС қызметкерлері атқарып жатқан шаруаның басына бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, жолдың құрылысымен танысты.

Жауапты мамандар тез арада аяқтап, ел игілігіне тапсыратынын айтып отыр. Ал, аудан басшысы ең бірінші сапаға мән беру қажеттігін ескертті.

Ашығын айту қажет, қазіргі таңда аудан орталығы немесе ауылдық округтерде жүріп жатқан құрылыстардың барлығы тікелей Мұхтар Әуесұлының бақылауында. Аудан басшысы апта сайын арнайы уақыт бөліп, нысандарда болып жатқан жағдайды өз көзімен көріп отыр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<