Жол сапасы және көрсеткіш

183

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібінде автомобиль жолдарының сапасына қатысты мәселе қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Облыс аумағындағы авто­мобиль жолдарының ұзын­дығы 3545 ша­қырым, оның 1024,5 шақырымы рес­пуб­­ликалық, 555 шақырымы облыс­­тық, 1965,5 шақырымы аудан­дық маңызға ие.

Өткен жылы 44 млрд 700 млн теңге қаржы бөлініп, өңіріміздегі 300 шақырымнан астам жол мен көпір өткелдері жөнделді. Нәти­жесінде об­лыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жол­дары­ның жақсы және қанағат­танарлық индикаторлық көрсеткіші үлесі 92,5 пайызға жетті.

Биыл жол инфрақұры­лымын дамытуға респуб­ликалық, облыс­тық, аудандық бюджеттен 42 млрд 142 млн теңге қаралып, 320 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстардың қорытындысы индикаторлық көрсеткішті 95 пайызға жет­кізбек.

«Жол активтері сапасы» ұлттық орталығының қыз­метіне биыл 123 млн теңге бағытталып, құрылыс сапасы 100 пайыз сараптамамен қамтылды. Аспаптық және зерт­ханалық тексеру жүргізу барысында 1201 сынама алынып тексерілді.

«СБ» ақпарат