Жол – тіршілік өзегі

414

0

Облыста жол құрылысы биыл ерекше қарқын алды. Соның ішінде аудандарда да жағдай жақсы сипатқа ие болып отыр. Бір ғана Қазалы қаласында биыл «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен 15 көше асфальтталады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы жүріп жатқан құрылыстардың барлығы тікелей өзінің бақылауында болатынын айтқан еді. Кеше Қазалы қаласына арнайы барып, Жәкеев, Жанұзақов 2 және Қазалы 2 көшелеріндегі жол құрылысының жай-жапсарымен танысты.

Бірінші кезекте жолдың сапасына қатты көңіл бөлу қажеттігін және тиісті уақытта құрылысты аяқтауды тапсырды.

Науқанға әзірлік қызу

Кеше Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев С.Сейфуллин ауылындағы «Құндызды Жер» ЖШС-на барып, еңбеккерлермен кездесті.

«Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» деген халық нақылы бар. Сондықтан ел несібесін арттырудағы жұмыстарыңыз елеулі. Енді жуық арада егін жинау науқаны басталады. Бұл науқанда іргелі серіктестік қамбаны астыққа толтырып, ел ризығын арттырады деген сенімдемін, – деді аудан әкімі еңбеккерлерге.

Серіктестік төрағасы Бөлеген Рахметтің айтуынша, қазір ұжымда 70 адам жұмыс істейді. Биыл шаруашылық 690 гектар жерге күріш еккен. 50 гектар ескі жоңышқа бар. Науқанға дайындық жасалып, жаңа техникалар алынған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<