Сексеуіл станциясынан Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №41 «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып түн тыныштығын бұзған. Аталған дерек бойынша Сексеуіл станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйде жүргені үшін және ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі бойынша түнгі уақытта тыныштықты бұзу әрекет жасағаны үшін 2 әкімшілік хаттама толтырып 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<