Жолаушы тасымалының жайлылығы маңызды

62

0

Сурет ашық дереккөзден

Өңірдегі 212 елді мекеннен аудан және облыс орталығына 205 автобус қатынап тұр. Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға, Ташкентке маршруттар ұйымдастырылған. Осы жылдың жартысында тасымалданған жолаушы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56,2 пайыз жоғары.

– Қызылорда қаласының сол жағалауында жаңа автовокзал пайдалануға берілді. Қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жылдары 300 автобус лизингке алынды. Қазіргі таңда «Қызылорда» автобус паркі қалалық 32 маршрутты 100 пайыз қамтып отыр, – дейді басқарма басшысы.

Әуе жолының қатынасы да жыл өткен сайын жанданып келеді. «Қорқыт ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 30 рейс орындалуда. Рейстерді Астана, Алматы қалалары мен Анталияға «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компаниялары ұйымдастыруда.

– «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жобасын іске асыруға 15,7 млрд теңге қаралып, мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Облыстық бюджеттен 4,3 млрд теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласының әкімдігі тарапынан әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылды.

Терминал пайдалануға берілгенде бірқатар көлік көрсеткішін шамамен 1,5 есе арттыруға мүмкіндік туады. 2022 жылы әуе көлігімен 130 мың жолаушы тасымалданса, ол жыл сайын 200 мың жолаушыға дейін ұлғаяды. Жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда, – дейді Ж.Сыздықов.

Назерке ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<