Жолаушылар алғысы

1041

0

         Аптап ыстықта жолға шыққандарға да оңай соқпайды. Ал жолда көлігің бұзылып қалса тіптен қиын.

         Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» хабарлағандай, 2 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласынан Жетісайға шыққан 30-ға жуық жолаушысы бар автобус «Жезқазған-Қызылорда» трассасында бұзылып, жолда қалып қойған. Бұл жөнінде «112- құтқару қызметіне» қоңырау түскеннен кейін белгілі болды.

         Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен арнайы ПАЗ автобусымен оқиға орнына жеткенде олар әлі құтқарушыларды күтіп отыр екен. 11 жолаушының 4-і бала. Тіпті, араларында Өзбекстан азаматтары да бар. Қалғаны жолай көліктерге мініп кеткені анықталды. Төтеншеліктер жолаушыларға ас-су беріп, дене қызуын, қан қысымдарын өлшеп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

          Мұнан соң арнайы көлікпен Қызылорда қаласына жеткізіп, автовокзалдан әрі қарай жолаушылар автобусына мінгізіп жіберді. Жолаушылар құтқарушыларға ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<