Жолда қалма, жолаушы!

474

0

Желтоқсан айы басталғалы еліміздің бірқатар өңірінде боран болып, жолдар жабылғаны белгілі. Тіпті теміржол да жолаушыларды біраз әуреге салды. Қазір жағдай реттелді, дегенмен арагідік күн құбылып, ескертулер жариялануда. Осы тұста біз облыс жолдарындағы жағдайды бағамдап шықтық.

Өткен апталарда қарлы боран кесірінен жарты жолда қалған жолаушылар аз болмады. Әйтсе де бұндай жағдай Қызылорда облысының аумағында тіркелмеген екен. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова айтып берді.

–  Әзірге ауа райына байланысты облыс аумағындағы жолдарда келеңсіз жағдай тіркелген жоқ, яғни, жолаушылар зиян шекпеді. Тек жақында көліктегі 1 жолаушыға көмек берілді, – деді ол.

Әйтсе де сапарға шығар алдында ауа райы болжамдарына көз жүгірткен абзал. Мәселен, бірнеше күннен бері облыс тұрғындарына «Самара-Шымкент» тасжолының 1240-1563 шақырым аралығы көктайғаққа байланысты жабылып жатқаны ескертілуде. Бұл шамамен Арал мен Жосалы кентінің аралығы. Сондықтан мамандар әрбір хабарламаға мән беріп отырған жөн екенін айтады.

Мадияр Төлеу,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<