ЖОЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТҮСІНДІРДІ

305

0

Аймағымызға жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева «Достық үйінде» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активімен кездесті.

Мәжіліс депутаты Елбасы Жолдауындағы ерекшеліктерге тоқталды.

– Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы Елбасының ұдайы назарында. ҚХА жұмысының да басты бағыты осы басымдықты жан-жақты қолдауға бағытталады. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге артады. Бұл эко­номиканың барлық меншік түрлерінде істейтін 1 млн 300 мың адамға бұл тікелей қатысты болатындығы айтылды. Бюджеттен еңбекақы алатын 275 мың қызметкердің табысы орта есеппен 35 процентке дейін ұлғаяды, – деді Н.Жұмаділдаева.

Наталья Жұмаділдаева ке­зек­ті Жолдаудағы білім беру мен денсаулық сақтау сала­ларын­дағы реформалар, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы, сапалы әрі қолжетімді баспана, орта және шағын бизнесті мемлекеттің қолдауына тоқ­та­лып, бұл бастамалардың қоғам­дағы маңызы жайлы тарқата айтты.

Шынар БЕКБАН.

.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<