Жолы жақсының ісі өнімді

626

0

Әйтеке би кентінде Сырым батыр атындағы іргелі көше бар. Кенттің дәл ортасында орналасқан ұзын да ауқымды көше.

Осынау жүзге тарта үйі бар  көшенің  тұрғындары  бұған дейін жолдың жайсыздығынан зардап шегетін. Жауын-шашында көлік тұрмақ, жаяу адам жүрудің өзі мұң болатын. Әсіресе, денсаулығы сыр берген жандар, қарттар мен жас балалар қатты қиналушы еді. Батпақ кешіп  мектепке баратын оқушылардың халі онсыз да белгілі. Енді бұл кемшілік ретке келді. Көшенің асфальтталған, мұнтаздай қазіргі кейпі тұрғындардың ұзақ жылдардан бергі өкпе-ренішін жуып-шайып кеткендей. «Қуаныш бөліссе көбейеді» деседі.

2018-2019 жылы аудандық маңыз­дағы автомобиль жолдарын жөн­деу бойынша 12 жоба қолға алынып,  республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2,7 млрд теңгеге 68 шақырым жол жөнделген. Сонымен қатар, 2019 жылы 795 млн теңгеге 7 жоба жүзеге асып, 60 шақырым жолды жөндеу жұмысы бас­талды. Биыл осы жұмыстарды жалғас­тыруға 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Нәтижесінде қолға алынған 12 жобаның 9-ның жұмы­сын толықтай аяқтау жоспарлануда.

Өткен жылы облыстық және аудандық бюджеттерден қаралған қаржыға 5 елді мекеннің 16 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл 13 елді мекеннің 56 көшесі қайта жаңғырту, орташа жөндеуден өткізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Әйтеке би кен­тіндегі 11, Қазалы қаласынан 4, Мұратбаев елді мекенінен 7, Жанқожа батыр ауылындағы 2 көшеге орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шең­берінде Бекарыс­тан би ауылының 7 көшесі орташа жөндеуден өткізілуде. Бұл үшін республикалық бюджеттен 529 млн  теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Ғабдуллин көшесі асфальтталып, жаяу жүр­гінші жолдары және көше жарық­шамдары орнатылуда. Сәтбаев көшесіне  2,3 шақырым жолға 2 қабатты асфальт-бетон тө­сеніші салынып, ел игілігіне берілді.

Алдағы уақытта 4 жобаны жүзеге асыруға құжаттар әзірленіп (жоба құны 1,8 млрд теңге), сараптамадан өткізілуде. Жөндеуден өткізілетін көше­лер­дің жалпы ұзындығы 51,4 ша­қырымды құрайды. Осылайша Қазалы ауданында жол құры­лысы ерекше қарқын алуда.

Жұмабек Табынбаев,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<