«Жоқ!» деп айтуды үйрен»

790

0

Фото: ашық дереккөз

Біз ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағы,  мемлекеттік есірткімен күресу жолын қолдай отырып, жастар мен жасөспірімдерге есірткіге қарсы үндеу жариялаймыз. Қазіргі таңда көптеген жастар мен жасөспірімдер есірткі, темекі сынды зиянды заттарға әуес болуда.

Біз ең алдымен халықтың өркендеуі мен ұлттың жарқын болашағы білімді де дені сау жастарымыздың, өскелең ұрпақтың қолында екенін түсінуміз керек. Әрбір жас ұрпақтың міндеті халықтың болашағын сақтап, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Өз бойын есірткіден алшақ ұстаған әрбір жасөспірім ұлттың болашағын нығайтады деген үміттеміз.

Біз осы үндеу арқылы:

– Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықпен күресуді;

– Әрбір жасөспірімнің өзіндік жеке құқығы бар екенін;

– Кейінгі жас ұрпақтардың болашағы жарқын болуын;

– Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықпен күресті күшейтуді қолдаймыз.

Біз  есірткіні тарату, қолдану және тұтыну қылмыс екенін осы іс үшін заң алдында жауап беру керек екендігін естен шығармаумыз қажет. Әрбір жас ұрпақтың міндеті өз құқығын сақтау. Ол дегеніміз біреу сені есірткі таратуға немесе тұтынуға шақырса ойланбастан өз құқығыңды сақтап «Жоқ!» деп айтуың керек. Ол сенің өз құқығыңды сақтаумен тең.

Біз есірткіні жолына серік еткен адамның қолына ел болашағын тапсыра алмаймыз. Есірткіні пайдалану өз болашағыңа балта шапқанмен тең. Біз әрқашанда «Есірткіге – жол жоқ!» саясатын қолдап, халық арасындағы нашақорлықпен күресуіміз керек. Біздің таңдауымыз есірткісіз өскен, еркін, дені сау ұрпақ. Біздің бар айтарымыз «Есірткісіз болашақ – біздің болашағымыз».

                                   Назерке Байұзақова,

Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы

       №28 орта мектебінің 8 «а» сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<