«Жоқ!» деп айтуды үйрен

1014

0

Фото: ашық дереккөз

«Солға барсаң атыңды жоғалтасың, оңға барсаң өмірді жоғалтасың, алға жүрсең тірі қаласың, бірақ өзіңді ұмытасың» демекші өмірде кейде қалай таңдау жасап, кімге қалай жауап береріңді білмей қаласың.

 Әлемді жаулаған нашақорлық біздің елімізді де айналып өтпеді. Жаңа заманға сай зиянды заттардың түрлері көбейіп кеткен. Қазақ жастары үшін тажалдың қай түрі де қауіпті. Жат қылықтар біздің жолымызды бөгейді. Білім алып, еңбек етуімізге кедергі жасайды. Осындай зиянды, жастардың өміріне, денсаулығына әсер ететін заттың бірі ол – электронды шылым. Мамандар қыздырылатын табак қарапайым темекіден де қауіпті деген пікір айтқан. Ол қазіргі таңда сәнге айналған.  Біреулер ермек үшін қолданса, ал өзге біреулері кәдімгі темекіні тастауға көмектеседі деседі.  Электронды темекінің негізі бөлігі ол – никотин. Бұл зиянды затты  қазіргі таңда үлкендерге қарағанда жастар көп қолданады. Бұл жастардың еліктеушілігінен, қызығушылығынан осы бір зияндылығы, уыттылығы көп затқа тәуелділік пайда болды. Айналасындағы достарына еріп, солардың ұсынуымен пайдаланатындар немесе өзінен үлкен жастардан көріп еліктеушілігенен пайда болады. Осындай жағдайлардың салдарынан қазіргі жастардың денсаулығы құрып жатыр, сонымен қатар өз болашақтарына балта шауып жатыр. Дұрыс таңдау жасау бәрінен де маңызды. Егер айналаңдағы достарыңа «ЖОҚ» деп үйренсең сенің болашағың жарқын болмақ.

Адамды туралыққа да, тазалыққа да үйрететін ол салауатты өмір салты. Алмағайып заманның ең үлкен сынағы өз достарыңның нашақорлық жолда жүруі немесе, сені сол дүниеге, уақытша рақатқа шақыру. Мұндайда әрбір адам «Жоқ!» деп айтуы тиіс. Өйткені, ғұмыр бойына өкініш өксігін арқаламау үшін бір ғана сөзді айтып, одан бойды аулақ ұстау қажет.

Ар биігінде тұрған тұлға атты қалпыңды есірткі дейтін дүниемен ластамай, өз ортаңда наша пайдаланумен айналысатын  адамдарды тазарта отырып және оларға «Жоқ!» деп айтып үйрен.

Ұлболсын Әсетқызы,      

Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылы

                                                        №114 орта мектебі 10-сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<