Жоқ! — деп айтуды үйрен

1115

0

Достар! Замандастарым!


Біз отбасымызбен салауатты өмірді таңдадық! Спорт — денсаулық кепілі. Күнделікті дене жаттығуын жасап, жат қылықтан аулақ болу маңызды.
Денсаулығың мықты болғанда ғана мақсаттарыңа ұмтылып, асқақ армандарыңа қол соза аласың. Мен денешынықтыру сабағынан мүлде қалмаймын. Достарыммен бірге үнемі спорттық ойындар ойнаймыз. Түрлі үйірмелерге қатысып, дайындаламыз.


Мен нашақорлыққа қарсымын! Есірткіге құмарлық ешкімді жақсылыққа апармайды. Егер саған біреу есірткіге ұқсас затты ұсынып, жай ғана дәмін татып көрші десе, міндетті түрде, жоқ! — деп айт. Алдауына сеніп, өкініп қалма! Есірткіні бір рет тұтынсам ештеңе болмайды деп ойлама! Бұл үлкен қателіктің басы. Өзіңнің де жақындарыңның да өмірін қор қыласың. Бар мақсатың тоқтап, армандарың орындалмай қалады. «Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш», «Баласы жаманның әкесін түйенің үстінде ит қабады» деген мақалдарды білесіңдер. Мағынасына мән беріп көрдіңдер ме? Біз жат қылыққа бой алдырсақ, ата-анамыз ұятқа қалады.


Қымбатты дос!


Біз достарымызбен сабақты жақсы оқып, жарыстардан үздік болуды мақсат етіп отырмыз. Осылайша ата-анамызды, ұстаздарымызды қуантқымыз келеді.
Сенде үздіктер қатарына қосыл! Салауатты өмірді таңда!
Болашаққа бірге барайық!
Армандарың орындалсын! Нашақорлықтан аулақ бол!

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Нұрдаулет СЕРІКҰЛЫ,

№272 орта мектептің
8 «В» сынып оқушысы,
Байқоңыр қаласы,
Қармақшы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<