Жоқ!-деп айтуды үйрен!

693

0

Мен Жанерке Әділбекова, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы 28 орта мектептің 10 сынып оқушысымын. Болашағы жарқын әрі есірткісіз өмірді қалаймын! Әлем елдерінің қауіпті дерті болып отырған нашақорлықты жою мақсатын қолдай отырып,барлық Қазақстандағы жастарымызға үндеу жариялаймын!

Құрметті достар, біз жігерлі жастармыз! Елдің үмітін ақтар жас ұрпақпыз. Біз қазіргі таңда бейбіт, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бұл, әрине ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап,елді қорғау үшін талай боздақтарымыздың қаны төгілген қуанышты да қайғылы күн Тәуелсіздіктің келуінің арқасында. Тәуелсіздік – бізге берілген баға жетпес сый.Біз тәуелсіздік алған сәттен бастап, егеменді ел болып талай іс атқарып, дамушы ел қатарына кірдік. Бұл жетістігімізді одан әрі көбейтіп, елімізді өркендету жастардың қолында.

 Елімізде жастарға тегін білім алып,дұрыс таңдау жасай білуі үшін жағдай жасалуда. Бірақ, әлем елдері қазіргі кезге дейін күресіп келе жатқан дерттен құтылу қиынға соғуда. Бұл дерт біздің елімізде де үдеу алып, қаншама жастарымызды өзіне тәуелді етіп,өмірін құртқан-нашақорлық. Нашақорлық-әлемге үлкен қауіп төндіріп отырған дерт. Осы дертке ұшырап,шыға алмай қалып,өмірі қара түнекке айналған адамның болашағы бұлыңғыр емес пе?

 Нашақорлықтың салдары адамның мінез-құлқы өзгеруі мен жағымсыз іс-әрекеттер істеуіне әкеліп соғады. Ең ауыр жағдайы өзін өлтірумен аяқталады.

«Елдің ертеңі-жастар!» екенін біз болашақ ұрпақ ескере отырып,берілген ел міндетін дұрыс атқару үшін есірткіге күресті жалғастыруды тоқтатпауымыз қажет.

Әрбір адам жарқын болашақты қаласа алдымен,есірткіден өзін аулақ ұстағаны жөн болар еді.

Мен:

-Білім алып, саналы білікті тұлға болуға;

-ғылым мен технология дамыған заманда жаңа жобалар дайындап ұсынуға;

-спортпен айналысып,дене жаттығуларын жасап,денсаулықты күтуге;

-ең бастысы өмірімізде есірткіге қарсы тұрып, «Жоқ!» деп айтуға шақырамын! Өміріңді жарқын етуің үшін есірткіге жолама! Біздің өмірімізде есірткіге орын жоқ!

#есірткігеқарсы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<