Жоқ! – деп айтуды үйрен

721

0

Әлемді жаулаған нашақорлық біздің елімізді де айналып өтпеді. Жаңа заманға сай есірткінің синетикалық түрлелі де тарап жатыр. Қазақ жастары үшін тажалдың қай түрі де қауіпті. Нашақорлық пен уытқұмарлық жастардың тәнін ғана емес санасын да улайды. Полиция қызметкерлері есірткі сатушылармен күресіп әлек. Алайда нашақорлыққа жол бермеу үшін қоғам болып атсалысуымыз қажет.

Жат қылықтар бізді жолымыздан бөгейді. Білім алып, еңбек етуімізге кедергі жасайды. Менің армандарым көп. Оқуымды жақсы бітіріп, жоғары оқуға түсіп, ата-анаммен бірге саяхаттағым келеді. Осы жолда есірткі секілді ғасыр дертінің жолыма бөгет болғанын қаламаймын. Сол үшінде күнделікті кітап оқып, спортпен шұғылданамын.

Мен Ақниет Медеу, барша достарыма, замандастарыма үндеу жолдаймын. Есірткісіз жарқын болашақты таңдадым. Сіздерді де салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Дені сау, білімді, белсенді адам қоғам үшін құнды. Мемлекеттің дамуына да саналы адам қажет. Білім ала жүріп тәрбие мен тәлімді бойға сіңіріп жатырмыз. Сізбен біздің қателесуімізге жол жоқ. Себебі жақсы мен жаманды айыруға көмектесетін ақпарат мол. Алаяқтардың арбауына түспейік.

Аяулы дос!

Өз өмірің өз қолыңда!

Жаңылмас жұрын жақындарыңды ойла!

Қателік жібермес үшін қауқарлы бол!

Сәл сәтсіздікке бола жасыма!

Нашақорлыққа жоқ! деп айт!

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Ақниет МЕДЕУ,
Әл-Фараби атындағы
№201 мектеп-лицейдің
10 -сынып оқушысы,
Жалағаш ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<