«Жоқ!» деп айтуды үйрен»

1048

0

Өмір – сый. Өмір – сәуле. Өмір – жарық. Осы әдемі өмірімізді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу әрбір адамзаттың парызы деп білемін. Алайда нұрлы әлемді қара түнекке айналдырған, замандастарымның болашағына балта шапқан қоғамымыздың ең залалды кеселдерінің бірі – нашақорлық.  Өкінішке қарай, нашақорлық бүгінде біздің өміріміздің ащы шындығына айналып отыр.

«Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас

Сыртың пасық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас», – деп Абай атамыз айтқандай, алдының жөн, артының соқпақ болатынын білмейтін замандас – достарға «өмірлеріңді құрбан етпей есірткіге «Жоқ» деп айтуды үйрен!» – дегім келеді.

Егер «Сен ересексің, күшті боласың және еркін боласың, есірткі қолданып көр» дейтін болса оған «Жоқ» деп айтуды үйрен құрбы-құрдас!

Ойланыңыз! Есірткі – ол:  біріншіден – тұзақ. Оған тәуелді болсаңыз батпақ сияқты кептеліп қаласыз және кері қайту қиын болады. Бастапқыда сіз әлі де өз бетіңізше шыға аласыз, алайда кәсіби мамандардың көмегімен. Бірақ олар да сәтсіздікке ұшырайды. Ал егер сәтсіздік сіз болсаңыз…

Екіншіден, өзін-өзі алдау. Дәрі-дәрмек ешқашан сіздің проблемаларыңызды шеше алмайды. Рас, уақыт өте келе проблемалар жойылады, бірақ… сізбен бірге.

Үшіншіден, есірткі – түрме. Есірткіге тәуелді адам доза үшін бәрін жасауға, соның ішінде қылмысқа да дайын. Теріс пиғылды адамдар есірткі таратумен айналысады. Бұл – ең ауыр жаза.

Төртіншіден, есірткі – сатқындық. Есірткіге тәуелді адам достарына, ата-анасына, туыстарына опасыздық жасайды.

Бесіншіден, есірткі – барлық нәрсені жоғалту. Нашақор бәрін жоғалтады: отбасы (бақытсыз ата-анадан басқа), достары, жұмысы, денсаулығы. Аз ғана өмірі бар,  ұзақ емес … Бұл қауіпті ме, жоқ па?

Әрине, қауіпті! Сондықтан да өміріміздің ең жарқын сәттерінде айналамызға қамқор болуға шақырамын!

Арнұр Бекше,

Ж.Жабаев атындығы

№234 мектептің

9-сынып оқушысы.

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<