Жосалы кентінде «Жастар саябағы» аумағында тренажерлық және стритболдық алаңының құрылысы жүргізілуде.
Спорт нысанының құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Ал мердігері – «Қармақшы құрылыс» ЖШС .
Қазіргі уақытта алаңдағы ескі топырақ жаңартылып, асфальт құйылды. Қажетті спорттық жабдықтарға тапсырыс беріліп, жеткізілген.
Айта кету керек, ересектер мен балаларға арналған тренажерлық – стритбол алаңдары уақытты пайдалы өткізуге, бұқаралық спорттың дамуына мүмкіндік береді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<