Жосалыда 19 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

397

0

Қармақшы ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 05 – 15 желтоқсаны аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер қоғамдық көліктерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанна бері қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 19 дерегі анықталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 2 бөлігімен – 2 дерегі және 463 бабы (заңсыз тасымалдау) бойынша Салық комитеті қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқару нәтижесінде – 1 дерегі тіркеліп, аудандық сотқа жолданды.

Тәртіп сақшылары іс-шараның басты назары қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне бағытталғанын айтты. Осыған байланысты жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау шараларын күшейту қажет.
Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<