Жосалыда бағдаршамдар жаңартылуда

864

0

Қармақшы ауданы Жосалы кентінде бағдаршамдар жаңартылуда.

Алғашқы болып Т.Рысқұлов пен А.Құнанбаев көшелеріндегі бағдаршам мен жол белгілері ауыстырылды. Айта кетерлігі, бұл бағдаршамдар – отандық өнім. Құрылғылар қауіпсіздік талаптарын сақтауға көмектесіп, жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, кент келбеті де ажарлана түсті.