Жоспардағы жұмыстың орындалғаны маңызды

797

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірде қолға алынған жобаларға, алдағы жоспарланған жұмыстардың дайындығына қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Аймақ басшысы жуырда Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға бергенін атап өтті.

– Өздеріңіз білесіздер, 27 маусым күні ресми жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы аймақтағы жұмыстармен танысып, оң бағасын берді. Алдағы уақытта да қарқынды бәсеңдетпей, межеленген жобаларды уақытылы іске асыру қажет, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында құрылысы салынатын жаңа нысандар, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын жүзеге асыру және тазалық жұмыстарын жіті назарда ұстау, таяуда пайдалануға берілетін «Қан орталығын» қажетті медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, тағы басқа мәселелер талқыланды. Жауапты мекеме басшылары жұмыс барысын баяндап, тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімі жоспардағы мақсат-міндеттерді мерзімінде орындау қажеттігін айтып, ұсыныстарды жетекшілік жасайтын орынбасарлармен және орталық атқарушы органдармен алдын ала келісуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<