Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады.
Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.
Берік Уәли алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.
Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<