Облыстық тері-венерологиялық диспансерінде “Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың өзектілігі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстанда халықтың, әсіресе жасөспірімдердің ұрпақ өрбіту саулығын қорғау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері Қайрат Мырзахметов аталмыш дерт жөнінде қатысушыларға ақпарат берді.
Шарада облыс көлемінде аурумен күресу және алдын алу шараларының форматын өзгерту және ақпараттың қолжетімділік мүмкіндігін арттыру жөнініде ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Дөңгелек үстелде облыстық жастар ресурстық орталығы, облыстық ішкі саясат басқармасы, ішкі істер департаменті, жұмыспен қамту орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келген мамандар өз ойын ортаға салды.
Алдағы уақытта жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алудың маңыздылығын күшейту мақсатында “Жасыл ел” еңбекшілер жасағынан ерікті жастарды арнайы семинар-тренингтер мен оқу процесінен өткізіп, жаңа оқу жылында білім беретін мекемелерді ақпараттандыратын топ құру көзделіп отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<