Бүгінде «БатысЕуропа-БатысҚытай» халықаралық автодәлізі Орталық Азиядағы ең ірі транзиттік жолға айналды. Стаститикаға сүйнесек, біздің облысымыздан тәулігіне 8 мыңға жуық автокөлік күрежолмен әрлі-берлі өтеді.
Соның басым көпшілігі жүк тасымалдайтын көліктер. Ал ол тасжолдың сапасына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Әсіресе, қиыршық тас таситын ауыр жүк көліктері жолдың жауы дейді мамандар. Осы орайда, көктемгі шектеулерге байланысты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»мекемесінің мамандары мен облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдке шығып, халықаралық автодәліздің бойында бақылау жүргізді. Жүк тасымалдайтын ауыр көліктерді арнайы таразымен тексеріп 4 жүргізушінің шамадан тыс зат тиеп, заң талаптарын бұзғаны анықталды. Екеуіне 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынса, екі жүргізушінің әкімшілік хаттамасы сотқа жолданды. Бұзылған жолды қайта қалыпқа келтіру мемлекетке де қыруар шығын әкеледі.Бүгінде «БатысЕуропа-БатысҚытай» халықаралық тасжолының бірқатар учаскесінде асфальт жамылғысы сүріліп, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Алдағы уақытта құзырлы мекеме мамандарының бірлескен рейдтік шаралары жалғасын табатын болады.





