Жүлдегерлерге құрмет көрсетті

381

0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов Алматы қаласында өткен XXV Халықаралық балалар шығармашылығына арналған «Бозторғай» байқауында топ жарған талантты балаларды және жетекшілерін арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Балалар мен жастар музыкалық шығармашылығын насихаттау, жаңа заманауи туындыларды жасауды жандандыру, көркемдік және шебер кәсібилікке тәрбиелеу, вокалдық, халықтық, хореографиялық жанрлардың дәстүрлерін жаңғырту, жас таланттарды тауып, қолдау көрсету мақсатын мұраттаған аталмыш байқауда Сыр өңірінің намысын қорғаған қызылордалық Саят Сарманбек, Абай Ермағанбет, Дарханқызы Муслима, Нұртілеу Ерасыл және Бектемір Қарақатты айтулы жетістіктерімен құттықтаған Жанмұрат Жақсымұратұлы дарынды балаларды өнерге баулыған жетекшілері Бағдагүл Есмұрзаева мен Ақзәуре Смағамбетоваға алғыс білдірді.

«Аймақта балалар шығармашылығын дамытып, өнерлі өрендердің өрістеуіне қосып жүрген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Асқан кәсібилік бен өнерге деген шексіз құрметтеріңіздің арқасында өңірде өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісі лайықты жалғасып келе жатыр. Ел игілігі жолында атқарған істеріңіз алдағы уақытта да жалғасын тауып, шәкірттеріңізбен бірге талай шыңдарды бағындыра беріңіздер» – деген қала әкімінің орынбасары өнерлі өрендер мен жетістікке жетелеген ұстаздарына шаһар басшысының арнайы алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<