«Жүрегім бос»: Назым Қызайбай жеке өмірінен сыр шертті

1250

0

Фото: ашық дереккөз

Париж олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Назым Қызайбай жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Боксшы ару Sport+ Qazaqstan Youtube-арнасына берген сұхбатында алғаш рет жеке өмірін жасырмады. 

“Айналамда жақсы жігіт көп болса да, жүрегім бос. Өзімнің адамым дейтін жігітті әлі кездестірмедім. Әлеуметтік желіден де жазатындар бар. Бірақ көбіне жауап бермеймін. Жігіттің бойынан мынадай қасиет көргім келеді деп айта алмаймын. Екі жас бір-бірін ұнатып, сөз жарастырса, әрі қарай бәрі үйлесіп кетеді деп ойлаймын. Ең бірінші, мінезі жақсы болып, мені сыйласа болғаны. Дәл қазір де маған “күйеуге шық, спортты таста” деп айтатындар бар. Қай уақытта пешенеге жазылады, сол кезде тұрмыс құрасың. Қазір жігіт туралы ойлап жүрген жоқпын. Олимпиададан кейін демалыс берген. Соны қызық етіп өткізуге тырысамын. Бірақ танысуға да ашықпын. Ешкімнен қашпаймын”, – деді боксшы.

Сонымен қатар спортшы қыз той жасап, ақ көйлек кигісі келмейтінін жасырмады. 

“Бізде ақша болмаса, несие алып той жасай береді. Соған өз басым қарсымын. Неке қидырып, жақындарыңмен ғана атап өткен дұрыс. Ақ көйлек кимедім, той жасамадым деп өкінбейтін қыздардың қатарынанмын. Жігіт отбасы болуы үшін өзі аяққа тұруы керек. Ақшасына мән бермеймін. Ата-анасына салмақ салмауы керек. Абибаның қалыңмалын айтып, бүкілі шулап кетті. Ол қызда қола медаль жоқ болса да қалың малы бес миллион теңге. Менікі одан көптеу болады”, – деп әзілдеді Назым.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<