Жүргізуші куәлігін алудың 5 қадамы

817

0

Егер сіз жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше қадамдарды білгеніңіз абзал. Қиын ештеңе жоқ. Төмендегі бастапқы жүргізуші куәлігін алу бойынша қадамдық нұсқауларды оқыңыз.

1️⃣-қадамБілім алу үшін жақсы оқу курсын таңдаңыз таңдаңыз. Жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше де меңгеруге болады. Бірақ көлікті жүргізу сабақтарын міндетті түрде нұсқаушымен өтіңіз.

2️⃣-қадамҚұжаттар жинау. Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі меданықтама, автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 АЕК құрайды.

3️⃣-қадамТеориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханды сәтті өткеніңіз.

4️⃣-қадамАвтодромда практикалық емтихан өту. Мұнда арнайы көлікпен 12 жаттығуды орындауға 20 минут уақыт беріледі.

5️⃣-қадамДайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Айнур Шорабеккызы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<