Жүсіп Ақшора келінінің желіде қалай танымал болғанын айтты

560

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал әзілкеш Жүсіп Ақшора мен келінінің орынды әзілі әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Динара Сайлаубайқызы ата-енесінің рұқсатымен блогерлікті бастағанын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Келін «Блогерлікті бастайын. Танымал болмасам да, байқап көрейін» дегесін бірден келістім. Келінім өзі актриса, әнші, әртіс. Өнері көп. Біздің бала шығармай қойған. Келінді тыңдаймыз. Келін біздің – болашағымыз ғой. Келін болып түскеніне он жыл болды», – деді Жүсіп Ақшора.

Ал актердің келіні Динара атасының өмірде қандай адам екенін айтып берді. «Күйеуім басында қарсы болды. Бірақ қазір рұқсатын берді. 2-3 жыл жылдан бері блог жүргізсем деп ойладым. Өнер саласына кішкентайымнан қызығатынмын. Өнер саласын бітіргенмін. Ән айтуға, қыз ұзатуға рұқсат берді. Бірақ оны енді қолға алдым. Сол кезде әлеуметтік желіні де қатар алып кеттім. Атам өмірде де, үйде де өте мейірімді. Келіні болайын, қызы болсын бәріне мейіріммен қарайды. Атам 5-те оянып алады. Өз тамағын өзі дайындап, іше береді. Ұйықтап қалсақ, немерелеріне таңғы ас дайындап береді», – деді Динара Сайлаубайқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жүсіп Ақшораның келіні оған пранк жасап, елді күлкіге қарқ қылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<