Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлымен Дауылкөл ауылдық округі мен Ақжар ауылындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан дәрігерлік амбулаториялардың жұмысымен танысты.
Мердігер мекеме басшысы аталмыш ауылдардағы құрылыс нысандарын 10 желтоқсанға дейін аяқтап, ел игілігіне тапсыратындығын жеткізді.
Қайрат Ырзақұлұлы: «Сіз салушы, біз тапсырыс беруші жұмысты аяқтаймыз, ал ғимараттың сапалы немесе сапасы сын көтермейтіндігіне баға беретін халық. Сол себепті халықтың көңілінен шығатындай, көп жылдар бойы халыққа қызмет ететіндей сапалы деңгейде жасауды назарда ұстаңыздар»-деді.
Дауылкөл ауылдық окркгіндегі дәрігерлік амбулатория желтоқсан айының екінші онкүндігінде халыққа қызметін көрсетуін бастайтын болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<