Жұмысшы тобы құрылды

1028

0

Аймақтағы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жандандыру мақсатында облыстық білім басқармасының жанынан жұмысшы тобы құрылып, алғашқы отырысы өткізілді.

Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, оқу әдістемелік орталық қызметкерлері, білім саласының ардагерлері, колледж, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтер мен психолог мамандар, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Отырыста басқарма басшысы құқық бұзушылық, суицид, ерте жүктілік, нашақорлық, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында бірінші кезекте тәрбие мәселесіне баса назар аударуды, ол үшін мүдделі органдармен бірлескен арнайы іс шаралар жоспарын әзірлеп, барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Қай уақытта да ұрпақ тәрбиесі маңызды. Жеткіншектерге саналы тәрбие беру бүкіл қоғамның, салаға жауапты мамандар мен аға буын өкілдерінің қастерлі міндеті. Сондықтан, құрылған жұмысшы топ құрамына тәжірибелі ардагерлер мен саланың білікті мамандарын енгізіп отырмыз. Статитистикалық мәлімет бойынша, өткен жылдарға қарағанда көрсеткіштер біршама төмендеген. Бірақ мәселе бала тағдырына тікелей қатысты болғандықтан біздің басты мақсатымыз – өңірдің ерекшелігіне сәйкес жас ұрпақты ұлттық тәрбие өзегінде тәрбиелеу, келеңсіз жайттардың алдын алу және болдырмау. Сонымен қатар, сынып жетекшілері мен тәрбие ісіне жауапты орынбасарлардың жұмыстарын жүйелеп, озық тәжірибелерді білім беру ұйымдарына енгізуіміз қажет, – деді М.Шермағанбет.

Жиында білім саласының ардагерлері отбасылық тәрбиенің моделі қажеттілігін айтып, оған ғалымдар, осы саламен айналысып келе жатырған мамандарды, социологтар мен ҮЕҰ өкілдері және жастардың өздері де атсалысуы керектігін қаперге салды.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<