Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Дубай WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген бельгиялық Кирстен Флипкенс – германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина мен Павлюченкова 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Бельгиялық-германиялық бір брейкпен шектелді.
Е. Рыбакина мен А. Павлюченкованың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Елена Рыбакина жекелей сында бастапқы кездесуін ертең канадалық Бьянка Андреескумен өткізеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<