Журналистер боулинг сайысына қатысты

972

0

8 наурыз — Халықараралық Әйелдер мерекесіне орай қала әкімдігі журналист қыз-келіншектер арасында боулингтен сайыс өткізді. Иә, боулинг. Бұрын ойнап көрмесем де қатысамын деп шештім. Себебі боулинг – әлемдегі мың жылдық тарихы бар ойын екенін білетінмін. Мерекеде әріптестермен неге ойнамасқа?

Жарысқа 20-дан аса журналист қатысты.

Ойын өте тартысты өтті. Он келі салмақтағы допты нысанаға дәл тигізу де оңай емес екен. Көңілсіз ойларыңның бәрін жинап, дөңгелектеп салмағына қарамастан бар күшіңмен дөңгелетіп жібересің. Қисық кетсең ақыңды ала алмай қалғандай боласың.

Журналистер боулинг сайысына қатысты

Нысанаға жетіп бағаналарды құлатса, тура ішіңдегі бар жайсыздық шыққандай жеңілдеп, қуанып қалады екенсің.

Журналистер боулинг сайысына қатысты

Тартысты додада І орынды «Qyzylorda» телеарнасының командасы жеңіп алды. Әріптестер үлкен дайындықпен келіпті. Алдын ала келіп жаттығып алғанға ұқсайды. Ептілік танытты.

Журналистер боулинг сайысына қатысты
Qyzylorda TV ханымдары

ІІ орынды «Қоғам ТВ» командасы қанжығаларына байлады. Жас қыздардан құралған бұл топ та белсенді ойын өрнегін көрсетті.

Журналистер боулинг сайысына қатысты
Qogam TV арнасының арулары

Экранға жиі көз тастап кім қанша ұпай алып жатқанын санап қоямыз. Сайыстың аты сайыс. Жеңілмеуге тырысып бақтық.

Журналистер боулинг сайысына қатысты
Көксандық нәтижені көрсетіп тұр

Жүлделі ІІІ орынды түрлі газет тілшілеріне құралған «Сыр сұлулары» командасы иемденді. Бәрі мен секілді алғаш рет ойнап тұр екен. Нысанаға дөп тигізу қиын болды.

Журналистер боулинг сайысына қатысты
Әртүрлі басылым тілшілері

Осылайша әріптестермен көңілді кеш өткіздік. Журналистерді қала әкімдігі атынан Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергенов, спорт бөлімінің басшысы Айбек Орманов, баспасөз хатшысы Болат Жұмабаев құттықтап, мерекелік лебіздерін жеткізді.

Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Айта кетерлігі, бұл шара нәзік жанды журналистер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Журналистер боулинг сайысына қатысты

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»