Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келді. Оның ішінде 149 жұп – егіздер. Көбінесе егіздер облыс орталығында дүниеге келген деп хабарлайды syrboyi.kz.
Айта кетейік, биылғы егіздердің жалпы санының 60%-ы Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіз босанды. Арал ауданында 16 жұп егіз дүние есігін ашты. Үштікті Жаңақорған ауданы 11 жұп егізбен қорытындылайды.
Сонымен қатар, Қазалы ауданында – 9, Шиелі ауданында – 8, Байқоңыр қаласында – 5, Қармақшы және Сырдария аудандарында – 4, Жалағаш ауданында 2 жұп егіз дүниеге келді.
Ал жыл басынан бері облыс бойынша үшем туу тіркелген жоқ.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<