Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қыс мезгілі басталысымен мұз үстіндегі оқыс оқиғалар жиі орын алатыны белгілі. Осы ретте төтеншеліктер жыл басынан бері тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерту мақсатында 2 мыңнан астам рейдтік іс-шара ұйымдастырған. Оған 633 қызметкер мен 281 ерікті жұмырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов хабарлады.
-Өздеріңіз білетіндей, қыс мезігілінде әр түрлі себептермен оқыс оқиғалар орын алып жатады. Әсіресе балық аулау кезінде белгіленбеген орындарда жүру өте қауіпті. Бұл ретте біздің мамандар осы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Ұйымдастырылған рейд барысында барлығы 94 214 дана жадынама таратылды. Сол себепті қала орталығында адам көп шоғырланатын орындарда дауыс ұлғайтқыш арқылы түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағындағы су айдындарында құтқарушылардың көмегімен 3 адам құтқарылды.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<