Елордада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, биыл Астанада балалардың терезеден құлауының 6 дерегі тіркелді.
Қуанышқа орай, барлық балалар тірі қалған, алайда жарақат алған.
Соның бірінде, полицияға үйдің үшінші қабатынан баланың құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен.
«2 жасар бала үйде үлкен балалармен қалған және терезеге көтеріліп, масаға қарсы торға сүйеніп тұрып құлап кеткені анықталды. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалар қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін жақын туғандарының немқұрайдылығынан, терезелерде блок-құлыптардың болмауынан, балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<