Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында облыстық филармония ұжымы жыл концертін өткізді.
Шараға Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі, камералық оркестр, сонымен қатар солистер – «Мәдениет саласының үздігі» Ақмарал Ноғайбаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айдос Иманжаппаров, Гаухар Бисекенова, Ринат Үсенов, Мақсат Мақұлбеков, Әбдіхалық Мұстафаев, Жалын Жүсіпов, Анастасия Мусинова, Ғалымжан Ұлықпан қатысты.
Өнер кешінде талғампаз тыңдарман назарына оркестрдің орындауымен Құрманғазының күйі «Адай», Шынберген Сүлейменовтің «Сыр елім» әні, Э.Салиховтың «Умид» шығармасы ұсынылды.
Ән әуелеп, күй күмбірлеген кешке «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлдәрі Ізбанова және Руслан Балмасов дирижерлық етті.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<