Жылу беру маусымы басталды

522

0

Қызылорда қаласында жылу беру маусымы 13 қазанда, ал аудандарда 13-16 қазан аралығында басталды. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен нысандар жылуға қосылды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов хабарлады.

– Жалпы, облыс бойынша әлеуметтік нысандар және  орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу беру маусымына 237,7 мың тонна көмір қажет. Оның ішінде тұрғындарға 205 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 33 мың тонна. Осыған дейін облысқа 100 мың тонна көмір жеткізілді, – деді басқарма басшысы.

– Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 190,02 шақырым. Қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1537 нысан қосылған. Қазір қаланы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығындағы» бірнеше жылу көздерінің негізгі қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Медет Усаин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<