Жылу беру маусымына дайындық пысықталды

161

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жахановтың төрағалығымен  алдағы жылу беру маусымына жылу орталығы мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету және ауызсу мәселелері талқыланған жиналыс өтті.

Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта жұмыс 80 пайыз орындалған.

Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, 9,5 шақырым жылу желілері жаңғыртылуда.

Облыс аумағындағы 1 067 әлеуметтік нысанның дайындығы 82 пайыз, көмірдің 207,3 мың тонна қоры бар.

Бахыт Жаханов қала, аудан әкімдері мен сала басшыларына  жылу беру маусымына дайындықты сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды, көмір тапшылығын болдырмауда өңірлік операторлармен тиісті жұмыс атқаруды тапсырды.

Қазір халықты орталықтандырылған ауызсумен қамту үлесі 98,4 пайыз. Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз республикада алдыңғы қатарда.

Облыс аумағында орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмаған 26 елді мекен бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл елді мекендерді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жұмыс атқарылуда.

Осы бағытта Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<