Жылжымайтын мүлікті тіркеудің жөн-жосығы

897

0

Мүлік иелерінің бірлестігі – үйді басқарудың жаңа формасы. Ол бірқатар артықшылыққа ие. Бірінші кезекте бұл көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға бөгде ұйымдардың емес, меншік иелерінің өздері жауап беретіндігімен ерекше.


МИБ басқару формасы пәтер иелеріне үйді басқару, бөлінетін қаражат сомасы және оны қандай қажеттіліктерге жұмсау керектігін, қызмет жеткізушісін және оларды ұсыну жиілігін таңдауға мүмкіндік береді.


Тәжірибе жүзінде сыртқы ұйымдар көппәтерлі тұрғын үйлердегі жалпы үй мүлкін басқару және күтіп ұстау секілді міндеттерін тиісті деңгейде атқармайтынын көрсетті.


Меншік иелері өздері төлейтін 100% тарифтің ай сайын 30%-ы басқаруға, ал 70%-ы жалпы үй мүлкін пайдалану және ұстау қағидаты бойынша жұмсалатынын білуі тиіс.

ПИК пен өзге де ұйымдардың үйді күтіп ұстау жөніндегі міндеттерін орындамайтыны туралы шағым жиі-жиі қозғалады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін үй иелері басқару формасын, атап айтқанда МИБ-ті таңдап, жиналыс өткізіп, оны тіркеуі керек.


Естеріңізге сала кетейік, ортақ мүліктің сақталуы мен қызмет көрсету сапасы үшін меншік иелері арнайы жауапты болады.

Тұрғын үйлер пәтерлерінің, тұрғын емес бөлмелердің меншік иелерінің жиналысы (әрі қарай – жиналыс) – кондоминиум нысандары басқармасының жоғарғы органы болып саналады. Ол кондоминиум нысандарын, тұрғын емес бөлмелерді басқару және ортақ пайдаланудағы нысандардың күтімі мәселелері бойынша дауыс беру арқылы ұжымдық талқылау мен шешім қабылдауды қамтамасыз етеді. Жиналыс ревизиялық комиссияның, пәтерлердің, тұрғын емес бөлмелер иелерінің 10-нан кем емес жиынының талабы бойынша үй кеңесінің, қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғаларының және тұрғын үй инспекциясының бастамасы бойынша шақырылады.


Бастамашыл топ көп қабатты тұрғын үй (КТҮ), тұрғын емес бөлмелер иелерінің оннан кем емес жиынынан аз болмауы керек. Мәселен, үй 100 пәтерлі болса, онда бастамашыл топтың саны 10 адамнан кем болмауы тиіс. Ынталы топтың бастамасымен жиналысқа шақырудың қалыптасқан өз тәртібі бар, шақыруға бастамашыл топтың әр мүшесі өзінің аты-жөні мен пәтерінің нөмірін көрсетіп қол қоюы қажет.

С.Ибраев,


Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<