Жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы онлайн қалай алуға болады?

877

0

Жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы онлайн қалай алуға болады? Достар, егер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтерді алу үшін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүріңіз!
Тұрғындар арасында сұранысқа ие анықтаманы egov.kz порталы, egovkzbot 2.0 телеграм-боты және FB мен VK мэссенджерлері арқылы алуға болады.
Ол үшін электронды үкімет порталынан немесе боттан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiгінің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметін таңдайсыз.

* ЭЦҚ-мен онлайн сұрау жасап, анықтаманы кімге сұрататыныңызды белгілесіз.

*Аймақты таңдайсыз.

* Дайын анықтама сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<