Жылжымайтын мүлікке азаматтық актіде жеке тұлға не заңды тұлғаның иелігіндегі жер және басқа жер-сулар, сол жердегі қозғалмайтын мүліктер, яғни бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады.
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүлікке құқығыңызды растайын міндетті рәсім болып табылады және құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте осы жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді кедергісіз орындау үшін қажет. Ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарында өзіндік бірегей кадастрлық нөмірі және техникалық төлқұжаты болады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды немесе ауыртпалықтарды тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ға немесе жылжымайтын мүлікті сатып аларда немесе оған қатысты мәмілелерді жасау кезінде нотариустарға жүгінуіңізге болады.Электрондық үкімет порталындағы автоматтандырылған қызмет нотариуста мәмілені жасау кезінде құқықтарды онлайн режимінде бірден тіркеуге мүмкіндік береді. Электрондық үкіметтің жобаларының бірі нотариустар үшін арнайы әзірленген Е-нотариат ақпараттық жүйесі болып табылады. Мәміле жасалғаннан кейін дәл сол жерде нотариустың қасынан ұзамай сатып алынған жылжымайтын мүлікке құқығыңызды тіркей аласыз.
Әрбір азамат жылжымайтын мүлікті рәсімдегеннен кейін «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтың туындауының өзге жағдайларында оны 6 ай ішінде тіркеу қажет, 6 ай мерзім ішінде тіркеуден өткізбеген жағдайда азаматтарға Әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Н.Тасирова,
Қызылорда қалалық Әділет басқармасының бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<