Жыр төгілген кеш

277

0

Қызылордада «Жыраулар үйінде» Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен кезінде сұлу саздың сұлтаны атанған жырау Дәріқұл Өмірқұлұлының 120 жылдығына және оның ізбасары дарабоз жырау Ғанибек Өмірзақовтың 50 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті.

Ғанибек жыр шашуын Нұртуған Кенжеғұлұлының «Жыр бастауымен» бастап, мұнан соң Дәріқұл Өмірқұлұлының «Ел-Отаным», Қарасақал Ерімбеттің «Өшпес», Нұртуғанның «Асыл ер асырайды жүйрік тазы» атты жырларды төгілте орындады.

Шығармашылық кешке еліміздің өзге де аймақтарынан жыраулар келіп, өз өнерлерін көрсетті. Айнұр Сүйеуова, Бексұлтан Орынбасаров, Зәуре Ізекешова, Абылайхан Бектасов сынды жыраулар көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ Ғанибек Өмірзақовтың шәкірттері Заманадин Сымбат, Гүлназира Садықова, Әлішер Ғабидуллаұлы, Айнұр Ерниязова, Үкітай Ерниязовтар кештің әрін келтірді.

Жыр кешіне қоғам қайраткері Б.Қаюпов, А.Көшербаев, И.Әбибуллаев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, дарабоз жырауға өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді. Облыстық мәслихат төрағасы М.Тілеуімбетов облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Қоғам қайраткері Н.Мұсабаев Үкітай Ерниязовқа республикалық «Жалаңтөс баһадүр қоры» тарапынан «Алтын төсбелгісімен», Марат Сүгірбаевты осы қордың Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев Алғыс хат табыстады.

Кеш иесі Ғ.Өмірзақов көрсетілген құрметке алғыс білдірсе, 84 жасқа келген анасы ақ батасын берді.

Еркін ӘБІЛ,

журналист

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<