Жыр жазамын Абайша

563

0

Жыр жазамын Абайша Асқар биік Шыңғыс тау баурайында,

Текті ел Тобықтының қауымында.

Шақалақ сәби үні шыр етті кеп,

Құнанбай аға сұлтан ауылында.

Құнанбай болды сұлтан елге жақын,

Құрметтеп әр қазақтың алтын басын.

Шақырып азан атын елге паш қып,

Сәбиге ат қойыпты Ибрахим.

Анасы ұлы Абайдың Ұлжан еді,

Құдайдан сұрағандай бір жан еді.

Айтқан сөзін екі етпей сыйлап өтті,

Құнанбайдан дарабоз туған ерді.

Зередейін әжесі күлімдейтін,

«»Құлыным» еп Абайды шын іздейтін.

Бес мезгіл қаза қылмай оқып намаз,

Құнанбайды дәретсіз емізбейтін.

Туғаннан зерек болып ақын Абай,

Аз ұйықтап, көп оқыды көзі талмай.

Біліммен сусындатты жас жүрегін.

Таңменен кешті қосып,түнде жалғай.

Жас Абай ер жетіп ол,болды ақын,

Оң мен сол, әр бір сөздің біліп нарқын.

Ұлтының намысы үшін төкті терді,

Оқ бойы биік ұстап дәстүр салтын.

Аружан МЫҢБАЙ,

Қорқыт ата ҚМУ студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<